Түркістан облысында тұрғыннан 5 миллион теңге бопсалағандар қолға түсті

11.04.2023 00:02

Тінту кезінде заттай айғақтардан бөлек, оқ-дәрілер тәркіленді

фото: inform.kz

Түркістан облысында жергілікті тұрғынды қорқытып, 5 миллион теңге бопсалаған 2 адам қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар көшенің қақ ортасында жәбірленушіден ақша алып жатқан сәтте ұсталған. Тінту кезінде заттай айғақтардан бөлек, оқ-дәрілер тәркіленді. Анықталғандай, қос күдіктінің бірі бұған дейін де сотты болған. Қазір полиция олардың өзге қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

«Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден жәбірленуші берген қаражатты тәркіледі. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде 6 дана оқ табылды. Тиісті сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғалымбек Тұрысбеков.