Түркістан облысында пәтерге ұрлыққа түсіп жүрген азамат ұсталды

21.09.2022 00:03

Ол ақшаның бір бөлігін жаратып үлгерген

Жедел түсірілім

Түркістан облысында адамдардың үйде жоқтығын пайдаланып, қомақты қаржыларды қолды қылып жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдікті түнде бөтеннің баспанасына терезе арқылы кіріп 260 мың теңге мен тиын жинағышты ұрлап кеткен. Кейіннен тағы бір үйді тонап, 200 мың теңгені қолды қылыпты. Ол ақшаның бір бөлігін жаратып үлгерген.

«Осы оқиға бойынша жедел іздестіру кезінде жергілікті азамат ұсталып, қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қамалды», – деді Сауран ауданы ПБ жедел тергеу тобы мен учаскелік инспекторы Ерхат Мұсаев.