Таразда 3 жасар баланы ұрған ер адамның жүйке ауруына шалдыққаны анықталды

Таразда 3 жасар баланы ұрған ер адамның жүйке ауруына шалдыққаны анықталды
Сұмдық оқиға адам қарасы көп жүретін қаладағы орталық көшелердің бірінде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда тапа-талтүсте тұрғын 3 жасар баланы ел көзінше соққыға жықты. Сұмдық оқиға адам қарасы көп жүретін қаладағы орталық көшелердің бірінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елдің жағасын ұстатқан көріністе белгісіз ер адам самокат теуіп жүрген кішкентай баланы бар күшімен ұрып, сұлатып түсіреді. Артынша тағы тебуге оқталғанда өзі құлап қалып, сол кезде немересін қаскөйден әжесі арашалап алған.   

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігімен бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел іздестіру іс шарасы барысында полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының тұрғынын ұстады. Тергеу барысында күдіктінің психикалық ауытқуы бар екені және қазіргі уақытта облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны анықталды», – деді қалалық Полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков.

Күдікті психодиспансерлік ауруханада 3 жылдан бері есепте тұрған екен. Мамандар оның 2-топтағы мүгедек екенін, соңғы рет 20 қыркүйекте ғана емделіп шыққанын айтуда.  

«Біз аурудың қай кезде қозатынын нақты айта алмаймыз. Біздің ойымызша, тура сол кезде ауруы қозып, сырт ортаға деген агрессиясы артып кеткен. Негізі, науқас 20 қыркүйекте біздің мекемеден ем алып шыққан болатын. Қазір қайта жатқыздық», – деді психиатр Ғалия Елгембаева.

Новости партнеров