Владислав Челахтың арызы Бас прокуратураға түсті

23.12.2022 00:08

Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев мәлімдеді

nur.kz

Қазақстанның Бас Прокуратурасы қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған адамдардың қандай жағдайда өмірден озғанын туыстарына айтуға қорқады. Мұндай мәліметті есту марқұмдардың жақындарына ауыр тиюі мүмкін, - дейді Тимур Тәшімбаев, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қаңтар оқиғасының 95% шындығын білеміз. Бірақ қайтыс болған адамдар қандай жағдайда өмірден озғаны олардың туыстарына, жақындарына ауыр тиюі мүмкін. Қоғамдық пікір деген де бар», – деді ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев.

Ал осыдан 10 жыл бұрын «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деген айыппен сотталған Владислав Челах бар шындықты айтамын деп мәлімдеген еді. Оның өтініші қосымша зерттеледі екен.

«Өтініш Бас Прокуратураға келіп түсті. Біз қосымша зерттейміз, өздеріңіз білетіндей, бұл он жыл бұрынғы іс. Қажет болған жағдайда Челахтан жауап алынады», – деді ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев.