Олар медицина академиясының студенттері болған
17 қыркүйекте таңертең Шымкенттегі Әл-Фараби ауданындағы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Cmn.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, қайтыс болған жас жігіттер – 21 жастағы К. мен 22 жастағы П. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2 курс студенттері екен. Олар үш отандасы – университетте бірге оқитын студенттермен баспана жалдаған.
«Жастардың өліміне газ жылыстауы себеп болуы мүмкін, өйткені пәтерде газбен су жылытқыш және ас үй пеші болған. Алайда оқиға орнын тексерген арнайы қызметтер ешқандай заңбұзушылықты таппаған», - делінген хабарламада.
Қазір шетелдік студенттердің өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен бүлдіршін өлі табылды