Азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша Созақ ауданынан табылып отыр
Түркістан облысында экстремистік бағыттағы материалдарды жариялаған күдікті ұсталды. Оның әлеуметтік желілерде діни алауыздық туғызып, теріс ағымдағы бейнеролик таратқан дерегі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің үйінен ұялы телефондар мен ноутбуктер, сондай-ақ тыйым салынған діни әдебиеттер анықталған.
Айта кетейік, азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша Созақ ауданынан табылып отыр.
«Аталған факт бойынша Түркістан облыстық полиция департаменті мен ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды», - деді Полиция департаменті ЭҚІҚБ бастығының орынбасары Асқар Кушкалиев.