|
05.05.2022 | 22:06
4665

Алматыдағы колониялардың бірінде өзіне қол жұмсаған сотталушыға қатысты жаңа деректер шықты

Мамандардың айтуынша, сотталған азамат басында Грузиядан Қазақстанға қару-жарақ өткізбек болып, қолға түскен

Алматыдағы колониялардың бірінде өзіне қол жұмсаған сотталушыға қатысты жаңа деректер шықты Almaty.tv

Алматыдағы колониялардың бірінде өзіне қол жұмсаған сотталушыға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Видеода Orda.kz-тің кадрлары қолданылды.

Жазасын өтеуші 155/18 мекемесі арқылы транзитпен Қарағанды облысындағы туберкулезден емдейтін арнайы орталыққа кетуі керек болған. Бірақ ол түрме қызметкерлеріне наразылығын білдіріп, мойнын кафельмен тіліп жіберген.

ЛА 155/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушының бұл алғашқы әрекеті емес. Ол осыған дейін оғаш қылықтарымен көзге түсіп, маза бермеген. Туберкулезбен ауыратын азамат колонияның ішкі талаптары мен ережелеріне бағынбағандықтан наразылық білдіріп, суицид жасамақшы болған.  

«№4 қалалық ауруханаға жеткізіліп,  жарақаты аса ауыр болмағандықтан, кесілген жерін тігіп, мекемеге қайтарылды. Қазіргі таңда сотталған Гагуованың денсаулығы қалыпты. Мекеме қызметкерлерінің бақылауында», – деді ЛА-155/18 мекемесі бастығының орынбасары Мұратжан Кәкімжанов.

Мамандардың айтуынша, сотталған азамат басында Грузиядан Қазақстанға қару-жарақ өткізбек болып қолға түскен. Алдағы уақытта денсаулығы жақсарған соң, оны Қарағанды облысындағы туберкулезден емдейтін арнайы мекемеге жібермек.

Мерей Қанапиянов, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир