Тараздық тұрғын анасын пышақтап өлтірді

elements.envato.com
elements.envato.com
Ол пышақты марқұмның кеуде тұсына сұққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тараздық тұрғын анасын пышақтап өлтірді. Кісі өлтіру дерегі кеше кешке шаһар орталығындағы көпқабатты үйдің бірінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ішімдік ішкен 36 жастағы тұрғын анасымен жанжалдасып қалған. Одан соң өз-өзін ұстай алмай, анасына суық қару ала жүгірген. Ол пышақты марқұмның кеуде тұсына сұққан. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Анасын өлтірген тараздық азамат қамауға алынды. Полиция департаменті қылмыс жайында егжей-тегжейлі ақпарат беруден тергеу құпиялығына байланысты бас тартты.

– Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті жәбірленушінің 36 жастағы ұлын анықтап, қамаққа алды. Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде, – деді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Оқи отырыңыз: Мен қылмысты жасамадым: Ақтауда ер адам неліктен төртінші қабаттан секірді

Новости партнеров