Ақтөбеде үйіндінің астында қалған Ләззат Мырзагелдинаның өліміне қатысты іске нүкте қойылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жеңіс Мырзагелдин қарындасы соттың шешімімен келіспейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде ғимараттың төбесі опырылып, үйіндінің астында қалған Ләззат Мырзагелдинаның өліміне қатысты іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кінәлілерге қатысты үкім шықты. Құрылыс компаниясының директоры мен жұмысшысы 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, кінәлі деп танылғандардың әрқайсысы марқұмның артында қалған туыстарына 3 миллион теңгеден 6 миллион теңгеге дейін моральдық шығын өтеуге міндеттелді.

«Сот «Сигма констракшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жәнібек Қасанбаев  пен Мұхит Манасовты ҚР ҚК 279-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп тапты, оларға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 3 жыл құрылыс саласында еңбек ету құқығынан айырылады. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық қолданылып, жазалары 1,5 жылға қысқартылсын. Жазасын қауіпсіздігі төмен бас бостандығынан айыру мекемесінде өтейді», – деді қалалық №2 сотының судьясы Гүлнар Тілепова.

Ал нағыз кінәлілер әлі бостандықта жүр деген марқұмның ағасы соттың шешімімен келіспейді. Жеңіс Мырзагелдин қарындасының жұмыс берушісі - ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының директоры да жауапқа тыртылуы керек деп есептейді. Айтуынша, қызметкерлер жұмыстан тыс уақытта қалып жұмыс жасаған. «Егер жұмыс регламенті сақталғанда, бауырым қазір тірі болар ма еді» деген ол апелляциялық шағымында соттың осы жағдайға мән беруін талап етпек.

«Мен беріліп жатқан жазамен келіспеймін. Кінәлі – «Даму» мен ауылшаруашылық компаниясы. Директор – Ерғази. Ол да кінәлі деп танылуы керек. Жұмыстан тыс уақытта қалды. Жазаны көбейтуін сұраймын.  Аппеляцияға беремін», – деді  Л. Мырзагелдинаның ағасы Жеңіс Мырзагелдин.



Новости партнеров