|
01.03.2023 | 19:56
426

Ер адамды көліктің жүксалғышына салып ұрламақ болған

Полицейлер Гоголь мен Пушкин көшесінің қиылысында «Шевроле» көлігін тоқтатып тексерген

Ер адамды көліктің жүксалғышына салып ұрламақ болған api.smart.astana.kz

Алматыда атпалдай азаматты көліктің жүксалғышына салып ұрламақ болғандар қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полицейлер Гоголь мен Пушкин көшесінің қиылысында «Шевроле» көлігін тоқтатып тексерген. Өйткені  тәртіп сақшыларына әлдекімді көлікке күштеп отырғызу жайында хабарлама түскен. Жедел іздестіру барысында ұсталған автомобильдің ішінде 3 жігіт болған. Тергеу барысында теміртұлпар жүксалғыштағы жігітке тиесілі болып шыққан. Күдіктілер әрекеттерін азаматтың ірі көлемде ақша қарыз болғанымен түсіндірген. Бірақ жәбірленуші оны жоққа шығарып отыр.

«Тереземді 2 жігіт ашты да, түскеннен кейін 3 жігіт болып, көліктің жүксалғышын ашып, мені кіргізіп, қазір тауға апарамыз, өлтіреміз деді. Ұялы телефон мен қол сөмкемді тартып алды», – дейді жәбірленуші.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир