Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды

aikyn.kz
aikyn.kz
Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, биылғы 13 шілдеде жемқорлықпен күрес қызметі шекара қызметімен бірлескен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарадан жалған құжаттар арқылы өтпек болған Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады.

 «Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді», - делінген хабарламада. 

Осыған дейін Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылғаны хабарланды. Кейінірек оған іздеу жарияланып, ол туралы қандай да бір ақпарат берген адамға 12 млн теңге сыйақы берілетіні мәлім болды.

Новости партнеров