Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші орнатылады

egemen.kz
egemen.kz
Ғалымның 12 томдық толық шығармалар жинағы басылымға дайындалып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен қазақ ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті,деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Жиында жыл басынан бері мерейтойды өткізу аясында бірқатар маңызды ғылыми-зерттеу, ағартушылық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілгені атап өтті.Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған халықаралық, республикалық, өңірлік іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажеттігін атап өтті. Алматыда ғалымға ескерткіш орнату жоспарланған. Оның 12 томдық толық шығармалар жинағы басылымға дайындалып жатыр.

ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және ТҮРКСОЙ аясында іс-шаралар өткізу көзделген. ТҮРКСОЙ ұйымы жыл сайын көрнекті түркітанушы ғалымдарға берілетін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі тағайындау туралы шешім қабылдады.

Комиссия отырысын қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралардың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Новости партнеров