Тыңдалым Алматы облысы Қарасай аудынына қарасты арнайы мекемеде қаралды
«Алтын Орда» базарының басшылық құрамында болған Ермек Марқабаевқа қатысты кезекті сот процесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тыңдалым Алматы облысы Қарасай аудынына қарасты арнайы мекемеде қаралды. Отырыста сотталушының қорғаушысы жинаған деректерді ұсынып, тағылған айыптардың негізсіз екенін алға тартты.
Айта кетейік, бұған дейін айыпталушыны арнайы жасақ құрамы қолға түсірген кезде қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылып, басқа да заңсыздықтар анықталды делінген болатын.
– Марқабаевты тінту кезінде тергеуші сол қалтасынан полиэтиленге оралған ұнтақ табылғанын және оны куәгерлердің көзінше алып шыққанын құжатқа тіркепті. Бірақ біз бұл айыппен келіспейміз. Тіпті айыптау актісімен де таныстырған жоқ, – деді адвокат Динара Жұбатова.
Қылмыстық іске қатысы бар делінген Марқабаевтың өзі сот залында болмады. Ол Талдықорған қаласындағы уақытша ұстау изоляторынан онлайн қосылды. Сонымен қатар, сотталушы азамат түсініктемені қорағаушымен келісіп айтатынын жеткізді. Бұл жолғы тыңдалымға Қырғызстаннан Марқабаевтың туыстары да келді.
– Сотта заңбұзушылықтар болмады. Сот залында қорғаушымыз іске қатысты тыңдалымның алдыңғы отырысындағы қарама-қайшылықтарды тізіп айтып берді. Біз әділ шешім шығады деген сенімдеміз. Ағамыздың есірткі тұтынуы мүмкін емес, – деді айыпталушының інісі Румат Марқабаев.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да әкімнің мас жүргізушісі жол апатына ұшырады