Шығыс Қазақстан облысында әкімдіктің мас жүргізушісі көлігін шам бағанасына соқты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 желтоқсанда ШҚО-дағы ауылдық округтердің бірінде әкім жүргізушісі мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған.
«Ер адам тізгінге ие бола алмай, шам бағанасына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық шығын келді. Келтірген шығынды жүргізуші өз еркімен өтеді», - деп хабарлады жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сот жүргізушіні ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.
Сондай-ақ ер адам жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.