«Апорт» ойын-сауық орталығы маңынан ер адамның мүрдесі табылды
Қазір қылмыс болған жерде жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Апорт» ойын-сауық орталығы маңынан ер адамның мүрдесі табылды. Алдын-ала болжам бойынша, 49 жасар азаматқа қастандық жасалған болуы мүмкін. Алған жарақат салдарынан ол оқиға орнында жан тапсырған. Қазір қылмыс болған жерде жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бұл азаматтың аты-жөні бірден анықталды. Ол Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны болып шықты. 72-жылы туылған. Алматыда жұмыс істейді екен. Қазіргі таңда болған қылмыстың нағыз себеп-салдарын анықтайтын боламыз және осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды жауапкершілікке тартамыз. Қылмысты ашу үшін арнайы тергеу тобы құрылды», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
21.11.2026 09:09
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
21.11.2026 12:54