Бишімбаевтың ісі: сот отырысында экс-министрдің смартфоны тексерілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Қарындасын аяусыз сабағанын көрген Салтанаттың ағасы жылап жіберді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талайды күттірген телефон ақыры қолға түсті. Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты кезекті сот отырысында экс-министрдің смартфоны тексерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Құпия сөзін айтудан бас тартқан айыпталушы бүгін әп-сәтте ойын өзгертті. Құрылғыны судьяға тапсырып, тараптардың ішіндегі бар фото-видеоларды  көруіне мүмкіндік туды.

Салтанаттың қысқа ғұмырындағы қиын тағдыры тап осы телефонда сақталғандай көрінді. Бұғаттағы құрылғыны судьяның ашқаны сол еді, гаджеттен ешкім күтпеген бейнежазбалар шықты. Ұзын саны 12 видео марқұмның соңғы сағатында таспаланыпты. Қарындасын аяусыз сабап, таяқтың астына алған кадрлерді Салтанаттың ағасы көріп, еріксіз жылап жіберді.

Бишімбаевтың телефонындағы бұл видеолар 8-9 қарашада түсіріліпті. Жазбаның бірінде экс-министр әйелін сөзбен сабап, балағаттап, сұрақтың астына алады. Салтанаттың тұрмыс құрмай тұрып, ер адамдармен қарым-қатынасы, айыптағаны айтылған. Бейнежазбаларды экс-министр бірден мойындай қоймады. О, баста мен түсірмедім, монтаждалған материал деген ол артынша жауабын өзгертті.

– Мен шынымды айтсам, өзім де түсіне алмай тұрмын. Сол кездегі өзімнің іс-әрекеттерімді түсіндіре алмаймын. Бар болғаны ар-намысымды таптаған соң, өзіне де солай жауап қайтарғым келді, – деді сотталушы Қуандық Бишімбаев

Артынша, сөз алған экс-министр қылмыс болған күнді баяндап берді. Салтанат қабырғаға өзін-өзі ұрып, унитазға басымен соғылды дегенінен танбады. Атышулы отырыста бүгін де біраз құпияның беті ашылды. Сот процесі ертең де жалғасады.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың ісі: сот айыпталушы тараптың өтінішін қабылдамады

Новости партнеров