|
04.07.2019 | 11:40
4349

Өскеменде жас босанған аналарға домбыра беріледі

Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде тойланады

Өскеменде жас босанған аналарға домбыра беріледі altaynews.kz

Өскеменде Ана мен бала орталықтарындағы жас босанған әйелдерге домбыра тарту етіледі. Бұл шараны Ұлттық домбыра күнінің қарсаңында Достық үйінің этномәдени бірлестіктері ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс.

«Біз үшін ұлттар достастығы қашанда қымбат. Еліміздегі алуан түрлі ұлттар бір-бірін салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарымен сыйлап, тату-тәтті ғұмыр кешеді. Біз «Рухани жаңғыру» және Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» атты бағдарламасының аясында дәстүрімізді кең насихаттауды көздейміз», – деді облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім сарайының директоры Эльдар Төлеубеков.

Іс-шара 7 мамыр күні Өтепов 37 және Шәкәрім даңғылы, 149 мекенжайларындағы Ана мен бала орталықтарында болады.

Еске сала кетейік, Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде тойланады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир