|
29.04.2019 | 11:41
2627

Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

Ол 2018 жылдың сәуір айында «Қазақконцерт» бірлестігінің эстрада бөлімінің басшылығына тағайындалған болатын

Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«29 сәуірде Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды.

Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды», - деп жазды «Қазақконцерт» бірлестігінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ әнші өзінің жеке парақшасында апта жақсы жаңалықпен басталғанын айтып, көпшілікке алғасын білдірді.

«Әр жетістігім сіздердің қолдауларыңыздың арқасы! Рахмет!» - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

«Қазақконцерттің» эстрадалық топтарына жетекшілік етіп жүрген әншінің тыңдармандары өнер иесін жаңа қызметімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айында Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» бірлестігінің эстрада бөлімінің басшылығына тағайындалған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир