|
06.12.2019 | 15:14
3160

Жас өнерпаз Алматыға ән арнады

«Менің қалам» деп аталатын туынды шаһардың көрікті жерлерінде түсірілген

Жас өнерпаз Алматыға ән арнады Gokurort.ru

 Бейнебаян бүгінгі қоғамдағы болып жатқан келеңсіздіктерді көрсетіп, онымен күресу жолын нұсқайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ондағы мақсат – Алматы қауіпсіз әрі гүлденген қала болсын деген игі ниет дейді жоба авторлары. Жас әнші бейнебаянда көпшілікті жақсы амалдар жасауға шақырады. Мұндай жанашырлық Алматыны шын жақсы көргендіктен дейді жас әнші.

«Бұл клипте біз қаламызға деген сүйіспеншілікпен қатар проблемаларды да айтамыз. Алматының ең әсем жерлері Шымбұлақ, Медеу, Көктөбені көрсетеміз. Мәселен, Көктөбеге шыққанда қаламыздың бәрі көрінеді. Өте әдемі», – деді әнші Аружан ТАСТЕКЕЙ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир