|
11.01.2020 | 00:14
2803

Ұлттық идеологияны дәріптеу үшін салт-дәстүрімізді ұмытпау керек – Бекжан Тұрыс

Бұл туралы белгілі актер Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты

Ұлттық идеологияны дәріптеу үшін салт-дәстүрімізді ұмытпау керек – Бекжан Тұрыс

Оның сөзінше, әдет-ғұрып пен қазаққа тән қасиеттерді жаңғырту керек. Аудан әкімдігінде ұйымдастырылған танымдық шараға 100-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жастарға біздің айтарымыз көп болуы керек. Біз өз құндылығымыздың ішінен өз қажетімізді таба алмай жүрміз. Бұл бүкіл адамзаттық мәңгілік құндылық. Сондықтан әр ұлт өзінен іздейді. Сол себепті мен бүгінгі ұлттың бойында жоғалып бара жатқан кешегі салт, әдет-ғұрып, үлкен мен кішінің арасындағы және қазіргі осы рухани жаңғыру аясындағы көп дүниелер айтылып жатыр ғой,  сол рухқа жан берейік деген ниетпенен көп нәрсе айтылды»,-деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актёр, Бекжан ТҰРЫС.

Шара барысында актер «қонақ кәде» ретінде ән шашу тарту етті. Сонымен қатар, жиналған қауым танымал тұлғаның шығармашылығына байланысты өздерін қызықтыратын сұрақтарын да қойды. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир