|
04.09.2020 | 01:00
4865

Алматыда кинотеатрлар қандай жағдайда ашылатыны белгілі болды

Театрлар мен кинотеатрлар қазір онлайн-режимде жұмыс істеп жатыр

Алматыда кинотеатрлар қандай жағдайда ашылатыны белгілі болды almaty.zagranitsa.com

Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин көрермендерді 30 пайыз сыйымдылықпен кинотеатрларға кіргізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Театрлар мен кинотеатрлар қазір онлайн-режимде жұмыс істеп жатыр. Енді біз әр театрға театр әкімшілігі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететіні туралы нұсқауларды қарастырып жатырмыз. Бұл қашықтық, маска мәселелеріне қатысты. Әрине, ғимараттарда адам саны шамадан тыс болмауы керек. Егер бұл шаралар сақталса, санитайзерлер, қашықтықтан істейтін термометрия орнатылса, бұл объектілер жұмыс істейді. Қазір көрермендердің 30 пайызын кинозалға кіргізу мәселесі қарастырылып жатыр. Залдың конфигурациясына байланысты. Ол не шахмат түрінде, не қатарлар немесе көрші орындықтар арасында бір метр қашықтық болады. Осындай ұсыныстар түсіп жатыр. Әр зал өзінің нұсқасын ұсынады. Егер шаралар сақталса, онда 30 пайызға көрерменге жол беріледі», – деді Бекшин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир