Ақын Серік Қалиев дүниеден озды

28.04.2023 14:05

Ол діни жырларымен көптің рухани баюына сеп болған еді

Фото: instagram.com/serik_kaliev

Белгілі ақын, журналист Серік Қалиев дүниеден озды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаралы хабарды кеше елдің мәдениет өкілдері жеткізді. Бейресми дерекке сүйенсек, ақынның қазасына қаққан көлік себеп болған. 62 жасқа қараған шағында өмірден өткен қайраткердің "Жұлдыз - сенім", "Ақ моншақ", "Егіздің сыңары" мен "Ашық хат" сынды өлең жинақтары жарық көрді. Ол сондай-ақ діни тақырыптағы жырларымен көптің рухани баюына сеп болған еді.

Теги: Мәдениет