Үш жүзге жуық ән жазған 15 жасар қазақстандық Еуропа жұртын тәнтті етті

instagram.com/beisekozhanurali
instagram.com/beisekozhanurali
Жас дарын Нұрәли "Анашым" әнін бес жасында шығарған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бес жасынан бастап ән жазған «Қазақстанның ең жас композиторы» Нұрәли мен оның ағасы Ғаламат Бейсеқожа Еуропа жұртшылығын өз өнерлеріне тәнтті етіп оралды. Екі жүз елуден аса ән жазған жас талант пен оның күйші ағасы жуырда Германияда музыкалық арнайы марапатқа ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Exspress Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Германияның Карлсруэ қаласында өнер көрсеткен жас таланттарды Өнер, медия және ғылымды қолдау қоры қазақстандық қос музыкантты арнайы сыйлықпен марапаттады.

"Біздің арманымыз — Ұлы Дала сазымен бүкіл әлемді әнге бөлеу. Ол үшін әуелі Еуропаның ең айтулы сахналарында өнер көрсетсек деп жоспарлап жүрміз", – дейді күйші-композитор Ғаламат Бейсеқожа.

Жас дарын Нұрәли "Анашым" әнін бес жасында шығарған. Сондай-ақ оның "Соғыссыз әлем", "Үміт сәулесі", "Шипа" әндері де талай тыңдарманды тебірентеді.

Олимпиада чемпионы Денис Тенге арнаған "Аққан жұлдыз" шығармасы өте әсерлі. Қазір Нұрәли Алматыдағы Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде оқиды.

Новости партнеров