Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды

07.10.2021 14:19

Бүгін танымал актер 70 жасқа толды

tengrinews.kz

Танымал актер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін  дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталсын», – делінген хабарламада.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.