Димаш Құдайберген "Виктория" музыкалық жүлдесіне ұсынылды
Sputnik
Әнші үздік вокалшы атағына таласады, сонымен қатар "Жылдың үздік әні" марапатын иеленуге мүмкіндік алып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ресейдің "Виктория" музыкалық сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы сыйлықтың Instagram-дағы ресми аккаунтында хабарланды.
Әнші бірден бірнеше номинация бойынша жүлдеге үміткер ретінде қатысады. Солардың бірі – "Жыл вокалшысы".
Тағы біреуі – Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" туындысын орындағаны үшін "Жыл әні".
Айта кету керек, автор Игорь Крутой "Жыл композиторы" аталымында үздік атану үшін бақ сынайды.
Сондай-ақ "Любовь уставших лебедей" әнінің тағы бір авторы Михаил Гуцериев "Жыл ақыны" номинациясына ұсынылған.
"Виктория" жүлдесі бүгін Кремльде өтеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33