Надежда Бабкина жасанды комаға түсті

07.04.2020 16:21

Бабкинаның коронавирусқа тапсырған сынамасы теріс болып шықты

cofete.ru

Ресейлік әнші Надежда Бабкина екіжақты пневмонияға байланысты жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, деп хабарлайды Sputnik  РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, әртіс 1 сәуір күні ауруханаға жатқызылған. Әншіні аппарат тиімді жұмыс істеуі үшін әншіні жасанды комаға түсірген. Оның жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты екені хабарланып отыр.

Бабкинаның коронавирусқа тапсырған сынамасы теріс болып шықты. Оған пневмония диагнозы қойылып отыр.

Айта кетсек, қазіргі уақытта әлемде 1 347 676 адамда коронавирус расталған. Ресейде 6 343, Қазақстанда соңғы мәліметке сәйкес, 670 адамға жетіп отыр.