Димаш аты аңызға айналған тенормен бірге ән шырқады (видео)
Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың туған күніне арналған концерттің алдында ұлы тенормен бірге Besame Mucho әнін шырқады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аты аңызға айналған әнші Андреа Бочеллимен бірге сахна сыртында ән айтып жатқаны жайлы видео жариялады.
Ұлы тенор Димашаты фортепианомен сүйемелдеп отырған. Әншілер Besame Mucho туындысын орындады.
"Маэстромен көріспегелі көп болып еді. Біз гример бөлмесінде ән айтуды жөн көрдік. Сахнаға шығатын уақытты күтіп отырмыз. Әлемдегі ең әдемі тенор Андреа Бочеллимен бірге", - деп жазды Димаш видеоға.
Димаш 65 жасқа толған ресейлік композитор әрі продюсер Игорь Крутойдың мерейтойына арналған концертке қатысты.
View this post on InstagramA post shared by Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) onNov 3, 2019 at 9:55am PST
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.09.2026 20:15