ҚР Президенті Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады

22.07.2024 14:51

Ол бүгін 85 жасқа толып отыр

Almaty.tv

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ КСР-ның халық әртісі Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды», - деп хабарлады Ақорда.

Айта кетейік, Лаки Кесоглу бүгін 85 жасқа толып отыр. Ол кеңес одағы мен Қазақстанның танымал әншісі, профессор, ұстаз. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады