Мемлекет басшысы Бельгия королін құттықтады
Akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Филипп корольдің барлық игі бастамасына табыс тіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Филипп корольге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын ерекше атап өткім келеді, – деп жазылған жеделхатта.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Филипп корольдің барлық игі бастамасына табыс, Бельгия халқына бақ-береке тіледі.
Оқи отырыңыз: Қытайда көпір опырылып, 11 адам мерт болды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00