«Мансұрға беріп қоймаймын»: Димаш Құдайберген болашақ жары жайлы айтты (ВИДЕО)

Ол болашақ жары ата-ана, ата-әжесінің жанында тұратынын және ешқашан гастрольдік сапарларда бірге алып жүрмейтінін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Димаш Құдайберген «Qazaqstan» телеарнасынан шығатын «Парасат майданы» бағдарламасында Дана Нұржігітке эксклюзивті сұхбат берді. Ол болашақ жарын ата-анасының, ата-әжесінің жанында тұратынын және ешқашан гастрольдік сапарларға бірге алып жүрмейтінін айтты.

Ерекше дауыс иесі, алты Алашты аузына қаратқан әнші өзінің армандарымен қоса, болашақ жарына қатысты талаптарымен де бөлісті.

«Мен қай елде жүрмейін, болашақ жарым міндетті түрде ата-әжем, ата-анамның қасында жүреді. Сол кісілердің қасында тұрады. Бөлек тұру... қызғанамын мен. Үйдегі үлкен кісілерді артымдағы Мансұрға беріп қоймаймын. Ата-әжемді де, ата-анамды да қызғанамын, бермеймін. Мансұр өссін.

Үлкені бар үй – қазыналы үй деп айтады ғой. Мен өз қазынамнан айрылғым келмейді. Бірақ ініме де тілекшімін. Оған да бергім келеді. Сол себепті, ініммен бірге, бауырларыммен бірге  үлкен бір ошақ басында ұзақ ғұмыр кешсек деп армандаймын», –  деді Димаш.

Новости партнеров