Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі жаңа маусымын ашады

Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі жаңа маусымын ашады
Бағдарлама Густав Малердің ре минордағы үшінші симфониясынан тұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

29 қыркүйекте, 1 қазан - Халықаралық музыка күнін атап өту аясында, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі жаңа маусымын ашады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бағдарлама Густав Малердің ре минордағы үшінші симфониясынан тұрады. Концертке ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі мен Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы қатысады. ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі - Қанат Омаров; Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының бас дирижері және көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Бейімбет Демеуов.

Сондай-ақ концертте Абай атындағы ҰАОБТ-ның жетекші солисті, П.И. Чайковский атындағы XIV Халықаралық байқаудың дипломанты Оксана Давыденко мен А.Жұбанов атындағы музыка мектебінің «Ақ тілек» ұлдар хоры өнер көрсетеді.

Айта кету керек, «№3 Симфония» Малердің симфониялық шығармашылығында ең күрделі шығарма болып табылады. Әлемнің ең үздік оркестрлері ғана бұл симфонияны ойнай алады. Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр үшін бұл жоғарғы деңгейдегі көрсеткіш болмақ.

Новости партнеров