15 мыңнан аса жұмысшының жалақысын ала алмай жүргені анықталды
fb.ru
Кәсіпорын басшыларына 98,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 618 кәсіпорнында 15,4 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 556,7 млн теңгеден астам сомаға жалақы берешегін анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 562 нұсқама беріліп, 98,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестесі мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.
Оларға 3 млрд 313 млн теңге төленді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
29.10.2026 09:10
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47