Тұрсын Алагөзов әкесінен қалай ақша ұрлағанын еске алды

Тұрсын Алагөзов әкесінен қалай ақша ұрлағанын еске алды
Осылайша балалық шағына саяхаттаған ол әкесін жаңа жасымен құттықтап, тілек білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұрсын Алагөзов әкесінің қалтасынан қалай ақша ұрлағанын айтып, өткенін есіне алды, деп жазды ол өзінің парақшасында.

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсын Алагөзов балалық шағын есіне түсіріп, желідегі парақшасында жазба қалдырған. Әкесінен алған тәрбиесі туралы айтып берген ол музыкмен айналысқан, көлік үйренген, ақша ұрлаған, фотоаппарат сындырған кезін еске алып, уақыттың қалай өткенін байқамай қалғанын жасырмады. Сонымен қатар, Тұрсын Алагөзов әкесіне алғыс айтуды да ұмытпады.

«Бала күнімде мені тәрбиелеу мақсатында бұзықтығым үшін жазалаумен қатар, сен маған сольфеджио мен фортепианода ойнауды, көлік тізгіндеуді үйреттің. Тіпті  мен үйрене алмай жатсам да, шыдаммен, сабырмен қарап, бір айтқанын қайталаудан жалықпай түсіндіргенің көз алдымда, әке. Тіпті, бірде ақымақтықпен қалай сенің қалтаңнан ақша ұрлағаным да есімде. Сенің айлар бойы ақша жинап сатып алған фотоаппаратыңды сындырып тастағаныма әлі күнге өкінем», - деп өткенін еске алды ол.

Осылайша балалық шағына саяхаттаған Тұрсын Алагөзов әкесін жаңа жасымен құттықтап, тілек білдірген.

«Маған өмір сыйлап, тәрбие бергенің үшін рахмет! Мен сені қатты жақсы көремін,. Туған күніңмен, әке!»  – деп жазды ол.


Новости партнеров