1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған, - деп жазылған Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған.
Тарихи мұраны министрліктің ұйымдастыруымен «Архив-2025» кешенді жоспары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, ғалым Өмірбек Қанай анықтады.
Қазір аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Оқуға түсе алмағандарға қосымша грант бөлінді