Меруерт Түсіпбаева өзіне сезімін білдірген жасы кіші жігітті орнына қойды

alashainasy.kz
alashainasy.kz
Әнші өзінің телефон нөмерін сұраған жігіттің жазбасын скриншоттап, Instagram парақшасына салып қойған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Меруерт Түсіпбаева өзімен сөйлеспек болған белгісіз азаматты орнына қойды. Өнер иесі жасының 50-ге жақындағанына қарамастан өзіне жас жігіттердің жиі хат жазатынын ашып айтты, деп жазады NUR.KZ.

Әнші өзінің телефон нөмерін сұраған жігіттің жазбасын скриншоттап, Instagram парақшасына салып қойған.

«Менен жасы кіші жігіттер осындай xат жазады. Күніне бір xат десем, өтірік емес. Отбасын құрсақ деп армандаған жігіттер, бауырларым, айнала толған қазақтың тамаша қыздары бар ғой. Мені қайтесіңдер? Апа қыласыңдар ма? Әнші болсам да, 47-ге келген әйелмін. Ащы шындық. Маған xат жазғанша, жан-жақтарыңа қарап, жас қыздарға үйленіп, мені тойларыңа шақырмайсыңдар ма?», - деп жазады әнші Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары Меруерт Түсіпбаеваның мүлде жас көрінетінін жазып, әншінің сөзінде жан бар екенін айтты.

«Сіз негізі, 47 жастағы әйелге ұқсамайсыз. Мен сізді 35-те деп ойлап жүргенмін», «Сөзіңізде жан бар», «Сіз жас қыздардан артық болып тұрсыз ғой. Әдемісіз. Қылықтысыз. Жігіттердің жазуы орынды деп ойлаймын».

«Альфонс жігіттер шығар», «Меруерт дұрыс жауап қайтарғансыз», «Жас көрінесіз. Бірақ «жас қыздарға үйленіңідер» дегеніңізбен келісемін» деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Новости партнеров