Ауыр дерттен көз жұмған жігіт дұғаның арқасында қайта тірілген

nur.kz
nur.kz
Ауру зардабынан жас жігіт ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ертеректе Мадина қаласында көзі көрмейтін ана мен Сағиб деген баласы өмір сүрген. Күндердің күнінде оба дертіне шалдыққан жас жігіт о дүниеге аттанып кетеді. Алайда, асыл анасының дұғасымен ол өмірге қайта оралған екен. Бұл оқиғаны Хазреті сахаба Әнас ибн Мәлік айтып берген, деп жазады nur.kz порталы ummet.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауру зардабынан жас жігіт ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалған. Бір күні науқастың халін білу үшін сахабалар үйге соққан екен. Өкінішке қарай, дәл сол мезетте дертінің себебінен жас жігіт жан тапсырыпты. Жиылғандардың барлығы оның көзін жауып, киімін үстіне жапқан.

Сонда жұрттың арасында отырған бір кісі қарт анаға баласы үшін дұға жасауды сұрайды. Ал не істерін білмеген кейуана оның дүниеге салғанын айтыпты. Алайда, қарт кісі сонда да ниет етіп, дұға жасауды сұраған.

«Иә, Аллаһым! Мен ішкі қалауыммен Саған иман келтірдім. Сенен қорыққанымнан табынып жүрген пұттарымды тастадым. Сенің разылығың үшін еркіммен қоныс аудардым. Аллаһым! Пұтқа табынушылардың алдында мені масқаралап, күлкіге қалдырма! Күшім жетпейтін бұл жүкті маған жүктеме!», – деп дұға жасапты сонда ана.

Кейуана дұғасын бітірер-бітірместен жас жігіттің аяғын қимылдата бастаған. Кейін оның бетінен жапқыштар алыныпты. Сахиб анасы дүниеден өткенге дейін өмір сүрген екен.


Новости партнеров