|
07.03.2020 | 11:03
4047

"Университет аруы-2020" байқауы өтті

Қыз қашанда қылығымен көрікті

"Университет аруы-2020" байқауы өтті

Қыз қашанда қылығымен көрікті. Осыған орай, 2020 жылдың 4 наурыз күні Алматы университетінің жыл сайынғы дәстүріне айналған, көктемнің шуақты күнімен құлпырған арулар арасында "Университет аруы-2020" байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Байқаудың мақсаты - қатысушы аруларды ізгілікке, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке баулу. Байқаудың ұйымдастырушысы тәрбие ісі жөніндегі проректоры С.Қ. Әлдекенов ақылына көркі сай хас сұлулар арасынан таңдаулы сегіз қызды іріктеп, дайындады. 

Сұлу да сымбатты, білімді де өнерлі, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін жетік білетін арулар сайысы 6 кезеңнен тұрды. 

Арулар сайысына қазылар алқасының төрайымы - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Сандуғаш Стамғазиева, төрайым орынбасары - Әуезов ауданы әкімінің орынбасары – Дастан Қайратұлы, университет ректоры, профессор Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы, Әуезов ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы – Тұрдыбаева Кәмшат Зейнетқызы, шоумен – әнші Алан Ағади төрелік етті. 

Алты түрлі сайысты тамашалаған Алматы университетінің студенттері мен кеш қонақтары қазақ қыздарының өнерлеріне дән риза болды. 

Тартысты сайыстың нәтижесінде барлық талапқа сай болған Шалқарбай Айдана бас жүлдені жеңіп алды. 

1-орынды Советова Марал, 2-орынды Құттымбай Жібек және Қуанышбекқызы Гүлназ, 3-орынды Есенгелді Әсем және Рысдәулет Амина иеленді. 

Өз өнерімен айқын дараланып, көзге түскен Сұлтанбай Айтолы "Өнерлі ару" номинациясына ие болды. 

Жиналған көпшіліктің көңілінен шыққан Бөлекбай Меруерт "Көрермен көзайымы" атанды. 

Жеңімпаздарды құттықтау рәсімінде Алматы университетінің ректоры Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы "Университет аруы-2020" байқауына қатысушы қыздардың барлығына оқу ақысын төлеуге жеңілдік бере отырып, мақтау қағаздарымен, арнайы сертификаттармен марапаттады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир