|
04.02.2019 | 11:08
5105

Ел Төреғалидің «тоқалы» деп ойлаған актриса өз шындығын айтты

Екеуміздің сөйлесіп жүргенімізге, бірге болғанымызға 5 жыл болған

Ел Төреғалидің «тоқалы» деп ойлаған актриса өз шындығын айтты stan.kz

«Ұлы дала комедиясында» басты рөлді сомдаған Мадина Оспанды кей адамдар Төреғалимен жұптастырып қойды. Оған себеп болған - Мадинаның сүйікті адамымен түскен суретін жариялап, «ТТТ» хэштегін белгілеуі. Фотода жігіттің жүзі жасырылған. Сондықтан жұрт ұзақ ойланбастан оны Төреғали дескен. Алайда, шын мәнінде олай емес, деп жазды Stan.kz. 

«Екеуміздің сөйлесіп жүргенімізге 5 жыл болды. Жақын арада той жасаймыз деп жүргенбіз. Бірақ осы жаңалықтардан кейін өкінішке қарай, екеуміздің арамыз үзіліп кетті», – дейді Мадина Оспан.

Жас актриса бұл жерде Төреғали жайлы емес, өзінің сүйіктісі жайлы сөз етіп отыр екен. Айтуынша, отандық басылымдардың бірі оны «Төреғалидің тоқалы болуы мүмкін» деп жариялағаннан кейін, сүйіктісі екеуінің арасы бұзылған.

«ТТТ» деген хэштегті мен бұл киноға түспей тұрып та фотоларымның астына белгілеп қоятынмын. Бірақ оны адамдар кинодан кейін ғана байқай бастады. Менің жеке өмірімде жолдасымның инициалы үш «Т». Аты-жөні солай.

Осы күнге дейін біз үшін үйреншікті болатын. Мен басымның бос емес екенін жасырғым келмейді. Маған басқа жігіттер жазбай-ақ қойсын, олар менің адамым бар екенін білсін дегенмін», – дейді Мадина.

Актриса қыз атына қара күйе жағылғаннан кейін Төреғалидан да, оның ата-анасынан да қатты ұялғанын айтты. Себебі, «Ұлы дала баласын» ол өнердегі әріптесі әрі ағасы ретінде көреді екен. Ол тіпті, атына кір келтірген басылымды сотқа беруге ниеттенген. Алайда, мұндай жағдайларға еті үйренген Төреғали оны тоқтатқан көрінеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир