|
04.02.2019 | 11:22
1356

Автобус жүргізушісінің әрекеті алматылықтардың жүрегін елжіретті

Автобус жүргізушісінің әрекеті алматылықтардың жүрегін елжіретті stan.kz

Әдетте алматылықтар автобус жүргізушілері мен кондукторларының дөрекілігіне куә болып, жиі шағымданып жатады. Тек бұл жолы олай болмады. Алматылық VAselek Eskosha есімді бойжеткен күні кеше қоғамдық көлікте жүргізушінің мейірімділігіне қайран қалғанын айтады. Ол болған оқиғаны Facebook желісінде баяндады, деп хабарлайды Stan.kz.

«98 автобуспен үйіме қайтып бара жаттым. Дәл жүргізушінің қасында телефон шұқылап отырдым. Автобуста адам аз, бірнеше адам аяқ жағында отыр. Бір кезде шамамен, 7-сыныпта оқитын бала кіріп келді. Жүргізушінің жанына келіп, ұяла: «Жол ақысы үшін 30 теңге берсем бола ма? Егер тексерушілер кірсе, жүгіріп шығамын. Бүгін ақпанның 1-і ғой, абонементім аяқталған еді», – деді. Жүргізуші жымиып қана оған билет берді. Бала қуанып, алғысын білдірді. 30 теңгесін бермек болып еді, жүргізуші алмай қойды. Одан сайын қуана түскен бала орынға жайғасты. Ал жүргізуші ақша салатын құрылғыға өз қалтасынан 150 теңге салды», – дейді оқиға куәгері таңданысын жасыра алмады.

Васелек осы уақытқа дейін жүргізушілер туралы теріс ойда болып келгенін жасырмады. Әдетте, жеке көлігімен қатынайтын қыз жақында автобусқа ауысуды жөн көріпті. «Себебі арзан әрі барар жеріңе тез жетесің», – дейді бойжеткен.

Ол аналарға балалардың жол жүру билетіне уақытында ақша құйып отыруды ескертті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир