|
01.02.2019 | 11:15
3707

«Түрмеге отырғызамын деп ойламадым»: Гауһар Әлімбекованы сотқа берген әйел қылмыстық іс жайлы айтты

Қарапайым азаматша кезінде Гауһарға 40 мың доллар тауып беру үшін бірнеше рет несие алып, қарызға белшесінен батқан

«Түрмеге отырғызамын деп ойламадым»: Гауһар Әлімбекованы сотқа берген әйел қылмыстық іс жайлы айтты sn.kz

30 қаңтар күні сотталған Гауһар Әлімбекова жайлы ақпарат әлеуметтік желіде әлі қызу талқыланып жатыр. Әншіні сотқа берген Бақыт Назарова 20 жылдан бері базарда сауда жасайды, деп хабарлайды sn.kz.

Қарапайым азаматша кезінде Гауһарға 40 мың доллар тауып беру үшін бірнеше рет несие алып, қарызға белшесінен батқан. Оның сотқа бергендегі мақсаты – әншіні түрмеге отырғызу емес, ақшасын қайтару екен. Өзінің есептеуі бойынша, Әлімбекова оған 51 мың доллар, яғни 10 миллион 500 мың теңге қарыз.

«Осындай ортамызда жағдай болды екен деп мен оны табаламаймын. Оған деген өкпем де, кегім де жоқ. Ал оны мен кешіремін, кешірмеймін дейтіндей, мен кіммін Алла тұрғанда? Алла бәріміздің кешірім-тәубәмізді қабыл алатын. Сіздерге айтарым, Гауһарды түсінуге, сөкпеуге тырысыңыздар», – дейді жәбірленуші.

Халық сот Гауһарға тым ауыр жаза берді деп әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Алайда, заңгер Орынбасар Тілепбергенов әнші тіпті, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді деп отыр. Сот оның бұрын сотталмағаны мен қоғамдағы беделін ескерген. Заңгердің айтуына қарағанда, Гауһар мен оны сотқа берген әйел бітімге келгенде іс осылай аяқталмас еді.

«Апелляцияға берген күннің өзінде, Әлімбекованың құқықтық жағдайы өзгермейді. Өйткені, соттан біз өрескел қателік көріп тұрған жоқпыз. Ал жәбірленуші «келісімге келдім» деп қайта талап арыз беретін болса, онда жағдай өзгеріп, Әлімбекованың босап шығуға мүмкіндігі бар», – дейді заңгер.

Еске сала кетейік, күні кеше Гаухар Әлімбекованың алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болған еді.  Отандық жұлдыздар сотталған Әлімбековаға қолдау білдірді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир