«Ол туралы айтудың өзі жиіркенішті»: Нұржан Керменбаев Хамитоваға жауап берді

12.06.2019 16:16

Өмірімнің ол парақтарын ақтарғым келмейді - әнші

Нұржан Керменбаев Жанар Хамитоваға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі GAKKUTV арнасына сілтеме жасап.

Бір кездері «Арнау» тобында бірге өнер көрсеткен экс-ғашықтардың жыры біткелі қай заман. Одан бері Жанар Хамитова тұрмысқа шығып, шетелге көшіп кетті. Содан бері жабулы қазан жабулы күйінде қалған еді. Алайда, таяуда Жанар Хамитова ойда жоқта сахнаға қайта оралды да, ескі «дау» қайта ушықты. Таяқтың бір ұшы Нұржан Керменбаевқа барып тиді. Осыған дейін үндемей келген Нұржан Керменбаев енді өзінің парақшасында пікір білдірді. 

«Еркек басыммен ол туралы әңгіме айтуды жөн санамаймын. Шынымды айтсам, өмірімнің ол парақтарын әлдеқашан жауып тастағанмын, енді қайта ашқым келмейді. Бір ғана айтарым, Жанардың қазіргі айтып жатқан сөздеріне қарасам, ол туралы әңгіме айтудың өзі жиіркенішті сияқты», – дейді әнші.