|
17.01.2021 | 13:07
16502

Димаштың «DIMASH DIGITAL SHOW» атты онлайн концерті өтті

Билет сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін ұйымдастырушылар қайырылымдылыққа бермек

Димаштың «DIMASH DIGITAL SHOW» атты онлайн концерті өтті Dimashnews

Димаштың онлайн концертін 100 елдегі жанкүйерлер тамашалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Есімі бүкіл әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген TIXR америкалық стриминг-платформасында онлайн концерт берді. DIMASH DIGITAL SHOW – Димаштың коронавирус пандемиясы басталған сәттен бергі алғашқы жаһандық өнер көрсетуі. Аталған концертке дайындық жүріп жатқаны туралы өткен жылдың желтоқсан айының басында айтылды. Бұл жайында әншінің өзі де әлеуметтік желіде жиі жазып, сүйікті жұлдыздарының өнерін сағынған жанкүйерлер де үнемі мәліметтермен бөлісіп отырды.

Көрсетілім ақылы болды. Билет сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін ұйымдастырушылар қайырылымдылыққа бермек.

«Dears, сіздерге концерт ұнады деп үміттенемін! Жеке өзім және менің тобым сіздердің алған әсерлеріңізді білуге дайын!», – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир