|
17.12.2021 | 11:35
4721

Андрей Малахов Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

Кеңестік кезеңнің және Қазақстанның опера әншісі Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсанда 92 жасқа толды

Андрей Малахов Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады Facebook

Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv

"Құрметті де қадірлі Бибігүл Ахметқызы! "Сәлем, Андрей" бағдарламасының студиясы және Ресейдің барлық көрермені Сізді туған күніңізбен құттықтайды. Сізге денсаулық, сәттілік, табыс тілейміз. Біз сізді қатты жақсы көреміз және бағалаймыз. Есіңізде болсын! Сіз - Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де інжу-маржанысыз. Сондықтан бізді әрқашан әніңізбен қуанта беріңіз", – дейді тележүргізуші Андрей Малахов.

Кеңестік кезеңнің және Қазақстанның опера әншісі Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсанда 92 жасқа толды.

Айта кетейік, Бибігүл Төлегенова күні кеше "Алматы" арнасының Тәуелсіздік күніне орай өткізген телемарафонында арнайы сұхбат берген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир