Данэлия Төлешова «Еуразия» сыйлығын алған алғашқы бала атанды
Сонымен қатар, ол «Вокал» номинациясы бойынша марапатқа ие болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанның жас әншісі Данэлия Төлешова «Еуразия» сыйлығының лауреаты атанып, «Вокал» номинациясы бойынша марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық 13 жастағы әнші Еуразия шығармашылық одағының өнер, әдебиет, ғылым, спорт және әлеуметтік маңызды жетістіктер саласындағы халықаралық наградасын алған алғашқы бала атанды.
«Бүгін мен Еуразия халықаралық сыйлығының лауреаты атандым, ұйымдастырушыларға көп рахмет», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ, Болат Аюханов, Зарина Алтынбаева, Еркеш Шакеев, Досым Сәтпаев, Сергей Шабуниндер де лауреат атанды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
30.10.2026 18:15
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
30.10.2026 08:10
Адам жанына жайлы қала: Алматы қалай көркейіп келеді
29.10.2026 18:30
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31