Данэлия Төлешова «Еуразия» сыйлығын алған алғашқы бала атанды

27.09.2019 16:35

Сонымен қатар, ол «Вокал» номинациясы бойынша марапатқа ие болды

Қазақстанның жас әншісі Данэлия Төлешова «Еуразия» сыйлығының лауреаты атанып, «Вокал» номинациясы бойынша марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық 13 жастағы әнші Еуразия шығармашылық одағының өнер, әдебиет, ғылым, спорт және әлеуметтік маңызды жетістіктер саласындағы халықаралық наградасын алған алғашқы бала атанды.

«Бүгін мен Еуразия халықаралық сыйлығының лауреаты атандым, ұйымдастырушыларға көп рахмет», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, Болат Аюханов, Зарина Алтынбаева, Еркеш Шакеев, Досым Сәтпаев, Сергей Шабуниндер де лауреат атанды.