Балғынбек Имашев айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваны кобраға теңеді (видео)

nur.kz
nur.kz
Кеш иесімен қалжыңдасып айтысқан ақын әлеуметтік маңызды тақырыптарды да қозғап өткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Балғынбек Имашев айтыс кезінде ақын әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваны кобраға теңеді. Белгілі айтыскер жыр шумақтарын хитке айналған «из 90» әнінің мақамына келтіріп, залды күлкіге қарық қылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балғынбек Имашев өнерін әріптесі әрі досы Айнұр Тұрсынбаеваның шығармашылық кешінде ортаға салған.

Кеш иесімен қалжыңдасып айтысқан ақын әлеуметтік маңызды тақырыптарды да қозғап өткен.

«Жыланнан қорықпа, денеңді бос ұста,

Сыйлықты саған бермедім босқа.

Айнұрды мәңгі баладым досқа,

Бұл менің кобрам из девяноста», - деп жырлады Имашев.

Оның ерекше өнер көрсетуіне куә болған желі қолданушылар тәнті болғанын жасырмай, оң пікірлерін жаудырған.

«Балғынбек аға, жарадыңыз», «Жарды ғой залды, ешкім күтпеді. Тамаша болды» , «Айнұр ханым - кобра», «Балғынбек аға, қатырдыңыз», - деп жазуда көпшілік.


Новости партнеров