Димаштың есімі оқулыққа енді

Димаштың есімі оқулыққа енді
Мұғалімдер бұл фактінің өзін қуантқанын айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Димаш Құдайберген Қазақстанның мектеп бағдарламасына енгізілді, деп хабарлайды sputniknews.kz ақпараттық агенттігі  "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Танымал әншіге қатысты мәліметтер жазылған тапсырма 10-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі оқулығында пайда болды. Мұғалімдер бұл фактінің өзін қуантқанын айтады.

«Қатты қуандым, көп уақыттан бері заманауи тұлғаны мысал ретінде алғымыз келіп жүрген еді. Димаш біздің балаларымыздың, өскелең ұрпақтың кумирі», - деді Нұр-Сұлтан қаласындағы №30 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Асыл Әбілдинова.

Сондай-ақ, осы мектептің оқушысы Бехруз Худайбергенов Димашқа ұқсағысы келіп жүргенін жасырмады.

«Менің де есімім кітапта жазылғанын қалаймын. Ол көп адам үшін үлгі деп ойлаймын. Барлығы сол кісі сияқты болсын», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін 25 жастағы Димаш Құдайбергеннің есімі Қытай оқулықтарында жүргені туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, оның құрметіне ұшақты атаған еді.

Новости партнеров