|
10.07.2019 | 11:51
7037

Аралдық емші енді әнші болып кетті (видео)

«Үкілі емші бала» атанып, елді шулатып үлгерген Ерболсын Серікбаев енді тойда ән айтып жүр

Аралдық емші енді әнші болып кетті (видео)

«Үкілі емші бала» атанып, елді шулатып үлгерген Ерболсын Серікбаев енді тойда ән айтып, көпшіліктің көзіне түсті. Бозбала видеоны өзінің Instagram парақшасына жүктеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеге көшіп, колледжде оқып жатқан емші баланың видеосы желіде қызу талқыға түскен.

«Сен өзің емшісің бе, әншісің бе?», – деп оқырмандардың бірі сауал да жолдаған.

Ал Ерболсын болса желі қолданушысының бұл сұрағын жауапсыз қалдырмай, пікір қалдырды.

«Емшілік қонған адамның бойында әртүрлі өнер болады. Сондықтан сынамаңыз»,   деді аралдық жігіт.

Тіпті желі қолданушылары арасында Ерболсын Серікбаевтың дауысына таңғалғандар да табылды.

«Өте керемет», «Жарайсың», «Дауысың керемет», «Өзіңе Алла жар болсын», «Талабың өрге бассын», «Өнерлі жігіт екенсің», – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Ерболсын Серікбаев көпшілікке сүйіктісін көрсеткен болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

емші
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир