«Түрме вице-министрдің көзімен»: Суханбердиева кітап жазды

«Түрме вице-министрдің көзімен»: Суханбердиева кітап жазды
Вице-министрдің түрмеде отырып жазған кітабы жақын арада басылып шығады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін сот залынан босатылған білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауда отырған кезде кітап жазғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Түрмеде отырған 34 күн бойы мен кітап жаздым. Оның аты – «Түрме вице-министрдің көзімен». Жақын арада жарыққа шығады. Бұл өте қызықты кітап болады. Ол мен туралы автобиография емес, сан алуан адамдардың пікірі енгізіледі. Мен оны аяқтауға жақынмын. Әдеби түзетулер ғана қалды»,   деді Суханбердиева.

Оның айтуынша, бұл кітапты шетелдіктер сұрап отыр. Бірақ вице-министр оны алдымен Қазақстанда таратамын дейді.

«Қазір маған баспа орталықтары хабарласып жатыр. Олар кітапты басып беруге ниетті. Мен арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерге де таратамын»,   деді Суханбердиева.

Новости партнеров