|
11.04.2019 | 11:57
2843

Істі болған Гауһар Әлімбекова сот залынан ақталып шықты

Әншінің ісіне қатысты бүгінгі апелляциялық сотта судья ақтау туралы шешім шығарды

Істі болған Гауһар Әлімбекова сот залынан ақталып шықты

Алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекова ақталып шықты.

Әншінің ісіне қатысты бүгінгі апелляциялық сотта судья ақтау туралы шешім шығарды.

«Әлімбекованың айыбы дәлелденбеді. Оның алты жылға берілген шешімі өзгертілсін. Ақталсын», - деді сот төрағасы Нұрғазы Әбдіханов.

Аталған қылмыстық істің тағы бір фигуранты Феруза Ордабаеваны сот 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Рақымшылық заңына байланысты оның бұл жазасының мерзімі екі есе қысқарды. Осы уақытқа дейін басты фигурант Феруза Ордабаева өзі кінәсін толықтай мойындаған-ды. Сондай-ақ, ол Әлімбекованың бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін айтты. Ал Гауһар Әлімбекова өз кезегінде өзіне жала жабылып отырғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың «алаяқтық» бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылған болатын. Ал арада бірнеше күн өткенде әнші қолхатпен бостандыққа шығарылды. Өнер иесіне қатысты сот отырысы осы уақытқа дейін бірнеше рет өткізілді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир